«Тобыл» – «Астана»: Қостанайдағы шайқас ойын

«Тобыл» – «Астана»: Қостанайдағы шайқас ойын

Жексенбіде, 3 қарашада Қазақстан чемпионатында 25-турдың орталық матчы өтеді. Қостанайдағы «Тобыл» аренада «Тобыл» мен «Астана» кездеседі, деп жазады Prosports.kz

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.

«Тобыл» турнир кестесінде алтыншы орында тұрса, «Астана» екінші орында келеді. Қостанайлықтар еншісінде 36, ал елордалық ұжым еншісінде 43 ұпай бар.

Осы матч алдындағы ойындарында екі команда да жеңіске жетті. «Астана» өз алаңында «Атырауды» 3:2 есебімен жеңіп, көш басына шыққан болатын. «Тобыл» Түркістанға қонаққа барып, «Тұранды» 0:2 есебімен жеңіп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.

Екі команда үшін де бұл матч маңызды болмақ. Бабаян шәкірттері чемпиондыққа талас жүргізеді. Кеше алматылық «Қайрат» шымкенттік «Ордабасыны» жеңіп, көш басына шығып алған болатын. Бүгін «Астана» бірінші орынға шығу үшін жеңіске жету қажет. 

Жұмысқалиев шәкірттері чемпиондыққа таластан шығып қалды, десе де еурокубок аймағына ену үшін барын салары анық.

Математикалық тұрғыдан қарайтын болсақ «Қайрат» пен «Астана» ғана чемпиондық үшін күрес жүргізуде. Бүгін астаналық клуб тең нәтиже тіркеп, бірінші және екінші орындағы командалар бірдей ұпай жинап қалса, чемпиондық матч ойнатылуы мүмкін.

Осы маусымда қос команда өзара екі матч өткізді. Премьер-лига аясында өткен ойын 2:2 (5 тур) есебімен тең аяқталды. Ал Қазақстан кубогының ширек финалындағы матч қостанайлық ұжымның жеңісімен аяқталды (1:0).

Тағы бір айта кететін жайт, «Астана» бапкері Григорий Бабаян «Атыраумен» өткен матчтан кейін екі матчқа шеттетілген болатын. 

«Тобыл» – «Астана» матчы 3 қараша Астана уақытымен 18-00-де басталады.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі алдағы матчта «Астананың» жеңісіне 2.2 және «Тобылдың» жеңісіне 2.94 коэффициент ұсынып отыр. Тең нәтиженің ықтималдығы 3,54 деп бағаланып отыр.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или