Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Словакияда өткен турнирде өнер көрсетті
Қазақстандық Диас Жиренбаев Братиславада (Словакия) мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы қорытынды хаттамада 163 ұпай жинап, 13-ші орынға ие болды (қысқа бағдарлама бойынша 64,33 + еркін бағдарлама бойынша 98,76).
Подиумды италиялық конькишілер иеленді – алтын, күміс және қоланы тиісінше Дэниэл Грассль (267,08 ұпай), Никола Мемола (233,42) және Кори Цирчелли (232,26) иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или