Қысқы Азия ойындарына дайындық бойынша семинар болып өтті

Қысқы Азия ойындарына дайындық бойынша семинар болып өтті

Харбинде (Қытай) 2025 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық бойынша семинар болып өтті. 

Оған Азия Олимпиадалық Кеңесінің өкілдері қатысты. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан шараға Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай және Халықаралық қатынастар департаментінің бас жетекшісі Айзат Қарашашев қатысты.

Семинар барысында алдағы Азиаданың ұйымдастыру комитетінің әр бөлімі Ойындарға дайындық қандай деңгейде жүріп жатқаны туралы баяндама жасады. 

«Харбин Азия ойындарын өткізу құқығын бір жыл бұрын алса да, спорт нысандары қазірдің өзінде спортшыларды қабылдауға дайын. Ұйымдастыру комитетінің құрамына 2022 жылғы Бейжіңдегі Олимпиадада және 2022 жылғы Ханчжоудағы Азия ойындарында жұмыс істеген кісілер енді.

Азия әрдайым кешенді жарыстарды жоғары деңгейде өткізеді. Сондықтан біз Харбинде өтетін 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының ұйымдастырылуы еш қиындықсыз өтетініне сенімдіміз. Ұйымдастыру комитетімен күнделікті байланыстамыз, себебі ақпарат ұдайы жаңартылып отырады», - деді Бектұр Қиятбай. 

Семинардан бөлек ҰОК қызметкерлері жеке кездесу өткізіп, онда ұйымдастыруға қатысты мәселелер, атап айтар болсақ, негізгі мерзімдер, логистика, тұратын жерлердің жағдайлары, жүк тасымалдау және спорттық жабдықтарды рәсімдеу мәселелері талқыға салынды. 

Айта кетелік, Харбин Азия ойындарын өткізу құқығына екінші мәрте ие болып отыр. 2025 жылғы мультиспорттық оқиға ақпан айының 7-14 аралығында өтеді. Жарыстар аясында спортшылар 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын таласқа салады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или