«Астана» шабандозы «Лангкави турының» үшінші кезеңінде 2-орын алды
Малайзияда «Лангкави турының» үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің жеңімпазы Team dsm-firmenich PostNL шабандозы Макс Пул болды. Екінші орынды «Астана» командасының эквадорлық шабандозы Харольд Мартин Лопес алды, ал үздік үштікті JCL Team UKYO командасының италиялық спортшысы Томас Пезенти түйіндеді.
«Лангкави туры», 3-кезең, Taiping - Cameron Highlands (170.3km)
1. Макс Пул (Team dsm-firmenich PostNL) - 4:24:34
2. Харольд Мартин Лопес («Астана»)
3. Томас Пезенти (JCL Team UKYO)
Жалпы есеп:
1. Макс Пул (Team dsm-firmenich PostNL) - 10:03:58
2. Харольд Мартин Лопес («Астана») - +0:05
3. Томас Пезенти (JCL Team UKYO) - +0:06
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или