V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтті. Оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысты.

Ойындар бірнеше жерде өтті: «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде.

Ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік құралы қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істеді. 1 300 волонтер қызмет атқарды. Сондай-ақ БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.

Бұған дейін ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірген болатын.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или