Криштиану Роналду - бір миллиард жазылушы жинаған әлемдегі бірінші адам

Криштиану Роналду - бір миллиард жазылушы жинаған әлемдегі бірінші адам

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының Әл-Наср командасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемде бірінші болып әлеуметтік желілерде миллиард жазылушы шегінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біз тарих жасадық - миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес, бұл біздің ортақ құмарлығымыздың, ойынға деген сүйіспеншілігіміздің дәлелі. Мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым, ал қазір біз миллиардпыз және біз біргеміз.

Маған сенгеніңіз үшін, қолдау көрсеткеніңіз үшін, өмірімнің бір бөлігі болғаныңыз үшін рахмет. Ең жақсысы әлі алда, біз бірге күресеміз, жеңеміз және тарихты жазамыз», - деп жазды футболшы әлеуметтік желіде.

39 жастағы Роналду бес дүркін «Алтын доп» иегері және Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатын (2016) және Ұлттар лигасын (2018/19) жеңіп алды. Кәсіпқой мансабында шабуылшы 901 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или