Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Екінші лига клубын баптайды
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Сабырхан Ибраев Екінші лигадағы ҚазАСТ клубын баптайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
ҚазАСТ-тың бас бапкері қызметін 33 жастағы Сабырхан Ибраев атқарады. 18 турдан кейін 17 ұпай жинаған алматылықтар Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясында төменгі сатыда тұр.
Ибраев «Ертіс», «Тобыл», «Қайрат», «Қайсар», «Жетісу» сапындағы ойынымен танымал. Ол 2020 жылы мансабын аяқтады.
Ибраев 2008-2009 жылдары Қазақстан құрамасына да шақырылып, ұлттық құрама сапында 5 ойын өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или