Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдегі халықаралық жарысқа аттанды

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдегі халықаралық жарысқа аттанды

Ресейдің Чита қаласында бокстан «Еуразия кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Аталған бәсекеге Қазақстан жастар құрамасы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Алексей Хаванцев және тағы басқа спортшылар команда осы жерде екі апталық бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

26-31 тамыз аралығында өтетін турнирге Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Армения, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Венесуэла, Куба, Беларусь, Тәжікстан, Корея және тағы басқа елдерден боксшылар қатысады. 

Жақында ғана ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған Қайрат Сәтжанов осыған дейін жастар құрамасын жаттықтырған еді. Сәтжанов жастардың қарқынын байқау үшін арнайы Читаға арнайы келді.

Бұл аралықта оқу-жаттығу жиынын бапкер Бағдат Оңғарбеков бақылады. Айта кетелік, Ресейдегі турнир қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып саналады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или