Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі шарықтау шегіне жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады. ҰОК-ның мәліметінше, 65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі.
110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы – ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или