Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады
Жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақта UFC чемпиондық белбеуіне жекпе-жек өткізу құқығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Рекорд 18-0, 100% мерзімінен бұрын жеңіс немесе соңғы үш жекпе-жекте 0-3. Менің ойымша, титул үшін келесі кім төбелеседі деген сұрақ туындамауы керек», - деп жазды Шавкат әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) келесі жекпе-жегі Шавкат Рахмоновқа (18-0) немесе Камару Усманға (20-4) қарсы өтетінін айтқан болатын.
UFC-де жартылай орта салмақтағы үздік үштікке кіретін Рахмонов соңғы рет 2023 жылы 16 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңді.