Шымкент тумасы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді

Шымкент тумасы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді

Қазақстандық файтер Николай Веретенников(12-4) UFC промоушеніндегі бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұратын, Fury FC чемпионы және UFL Гран-принің жеңімпазы 35 жастағы Шымкент тумасы Дана Уайттан UFC-ге екі апта бұрын ғана шақырту алған еді. 

Лас-Вегастағы UFC on ESPN 61 турнирінде отандасымыз жеңіліс дәмін татпаған америкалық Дэнни Барлоумен (8-0) кездесті. 

Үш раундқа жекпе-жектің тағдырын төрешілер шешті. Нәтижесінде екі қазы Дэнниді жеңімпаз деп санаса, бір төреші Николайға жеңісті берді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или