русский язык
ММА

Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко жекпе-жегінің айқын фавориті белгілі болды

Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко жекпе-жегінің айқын фавориті белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік ММА файтері Вячеслав Василевский Александр Шлеменконы Қуат Хамитовпен жекпе-жектің айқын фавориті деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хамитов - танымал файтер. Бірақ олар сәл басқа деңгейде. Сашаның мансабы мүлдем басқа. Қуат оны қалай жеңетінін түсінбеймін. Оның үстіне Қуат әрқашан жеңіл салмақта жұдырықтасатын. Сөзсіз фаворит - Александр», - деді Василевский MMA.Metaratings.ru сайтына.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Шлеменко мен Хамитов Екатеринбургке келді. 11 мамырда қос спортшы RCC 19 турнирінде жұдырықтасады, Букмекерлік кеңселердің пікірінше, Александр кездесудің айқын фавориті. Оның жеңісіне 1,27 коэффициент. Қазақстан өкілінің жеңіске жету мүмкіндігі 3,55-ке бағаланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;