Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аружан түркиялық теннисші Илай Йорукпен бірге Ресей-латвиялық жұп Надежда Пузырных – Криста Савицкаға қарсы ойнап, екі сетте 6:0, 6:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Бұл кездесу Түркиядағы турнирдің 1/8 финалында өтті.
Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингіндегі жұптық сында 929-орында тұр.