русский язык
Футзал

ФИФА-ның алғашқы рейтингісі: Қазақстанның футзал құрамасы 4-орында тұр

ФИФА-ның алғашқы рейтингісі: Қазақстанның футзал құрамасы 4-орында тұр
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА футзалдан ұлттық құрамалары арасындағы алғашқы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған рейтингте Қазақстан құрамасы 8-орынға жайғасқан. Ал УЕФА рейтингінде біздің құрама 4-орында тұр.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін футзал әлемдік рейтингін Futsalplanet тәуелсіз порталы жасаған болатын.

Рейтингте Бразилия, Португалия, Испания алғашқы үштікте тұр.

Одан кейінгі орындарға Иран, Аргентина, Марокко, Ресей жайғасқан.

Сәуір айында ұлттық құрама екі жолдастық кездесудің бірінде Өзбекстанға 5:6 есебімен есе жіберсе, тағы бірінде 2:2 есебі тіркелді.

Сондай-ақ, ел құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Топтық кезеңнің жеребесі 26 мамырда болады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;