русский язык
Қазақ күресі

Мейіржан Шермаханбет алдағы жоспарларымен бөлісті

Мейіржан Шермаханбет алдағы жоспарларымен бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мейіржан Шермаханбет бұл маусымдағы жоспарларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мейіржан Бішкекте (Қырғызстан) өткен іріктеу турнирінде жолдамасыз қалған болатын. Соңғы лицензиялық турнирге бұл салмақта Дін-Мұхаммед Қошқар қатысады.

"Іріктеу турниріндегі жеңіліс әлі де маза бермейді. Қандай жағдай болса да, жеңуім керек еді. Стамбулда өтетін турнир де жақындап қалды. Осы салмақта белдесетін балуанымызға сәттілік, жеңіс тілеймін. Жолдамамен оралса деген тілегім бар.

Ал өзіме келер болсам... Жеңілістің дәмі қанша кермек болса да, бар өміріңді арнаған спорттан бір сәтте қол үзу мүмкін емес. Сондықтан, әрі қарай күресе беремін. Ендігі мақсат - биыл өтетін әлем біріншілігіне дайындалу", - деді Шермаханбет.

Айта кетелік, Мейіржан Шермаханбет әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2022), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2023).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;