русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Спорт Шредингера арнасына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы кім болады? Ол бокс әлеміндегі вирустық видеомен танымал болған боксшы. WBO және IBF чемпионының командасы IBF бағытындағы үміткермен келіссөз жүргізіп датыр. Бұл ұйым қаталдығымен танымал: Головкин, Канело, Фьюри және Кроуфорд қарсыласымен кездесуден бас тартқаны үшін титулынан айырылған. Жәнібектің қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болатын сияқты. Бұл туралы боксшы мен жаттықтырушы New Zealand Herald газетіне берген сұхбатында мәлімдеді

Әлі келісімшартқа қол қойылған жоқ, бірақ келіссөз жүріп жатыр. IBF рейтингінде бірінші және екінші орындар бос, үшінші орында Михайлович тұр. IBF Михайлович пен төртінші орындағы Денис Радован арасында іріктеу жекпе-жегін жоспарлаған, бірақ неміс боксшысы жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.

Михайловичтің бапкері Исаак Пич былай деді:

Михайлович қазір ресми үміткер. Чемпион Әлімханұлының жекпе-жек өткізетін күні белгілі – 13 шілде, бірақ қарсыласы жоқ. Біз бұл датаға дайын болу үшін бар күшімізді саламыз. No Limit промоутерлері қазір АҚШ-та, келіссөз жүргізіп жатыр. Келесі аптада жаңалық болады деп үміттенеміз

Михайлович оқу-жаттығу жиынын осы аптада бастады.

26 жастағы Михайлович кәсіпқой бокста 2018 жылдан бері жүр, бірақ Жаңа Зеландиядан тыс жерде жұдырықтасып көрген жоқ. 24 сәуірде өткен жекпе-жегінде ол 41 жастағы аустралиялық Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Михайлович ең әйгілі жекпе-жегін 2021 жылы өткізді. Алекс Ханнанды жеңген сәті әлеуметтік желіде қатты танымал болды. Михайлович Ресейде дүниеге келген және өмірінің бірінші жылын ағасымен бірге балалар үйінде өткізді, кейін оларды Жаңа Зеландиядан келген отбасы асырап алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;