русский язык

Зайнутдиновтың командасы Түркия чемпионатында жеңіске жетті

Зайнутдиновтың командасы Түркия чемпионатында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Түркия чемпионатының 35-ші туры аясында Стамбул Бешикташ өз алаңында «Ризеспорды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бешикташ» негізгі уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапынан голдарды Омар Колли (7-минут), Милот Рашика (65-минут) және Джо Уоррал (90+7) соқты. Қонақтар сапында Ибрагим Олавойин (5-минут) пен Эмир Хан Топчу (68-минут) мергендік танытты.

Бұл матчқа «Бешикташтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов қатысқан жоқ. Бұған дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Түркия құрамасының жаттығуы кезінде жарақат алғаны хабарланған болатын.

Бұл матчтан кейін «Бешикташ» 54 ұпаймен Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Ризеспор 49 ұпаймен сегізінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;