русский язык
Басқа

Бас бапкер Эльжана Таниеваның іріктеу сынындағы жетістігін бағалады

Бас бапкер Эльжана Таниеваның іріктеу сынындағы жетістігін бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова Эльжана Таниеваның Ташкенттегі жетістігіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жекелей сында көпсайыс аяқталды. Бүгін Эльжана Таниева көптен күткен олимпиадалық квотаны жеңіп алды. Осы жолда қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге, басшылыққа, біздің үлкен командамызға рахмет. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Барша елді Азия чемпионы атануымызбен құттықтаймын. Таниева жолдамадан бөлек, көпсайыстан Азия біріншілігінің алтынын жеңіп алды. Енді жекелеген жаттығулар бойынша финалға дайындаламыз», - деді Юсупова.

Еске салайық, Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 133,40 ұпайжинап, олимпиадалық квотаға қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;