русский язык
Басқа

Париж Олимпиадасына қатысатын босқындар құрамасы жарияланды

Париж Олимпиадасына қатысатын босқындар құрамасы жарияланды
news-banner7
mobile-news-top
11 елдің 36 спортшысы Олимпиаданың босқындар командасының мүшесі атанды. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар қызметі мәлім етті.

Олар төртжылдықтың басты додасында спорттың 12 түрінен сынға түседі. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) сілтеме жасап хабарлады.

Босқындар командасы Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ. БҰҰ БЖКБ мәліметі бойынша, 2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша әлемде үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған шамамен 114 миллион адам болған. Босқындар командасы алғаш рет өз логотипімен жарыс жолына шығады.

Команда құрамын ХОК Атқарушы комитеті (ЕК) бірқатар критерий негізінде бекітті. Оның ішінде, ең алдымен, әрбір спортшының көрсеткіші және оның БҰҰ БЖКБ растаған босқын мәртебесі болуы шарт.

«Баршаңызды құшақ жая қарсы аламыз. Сіздер Олимпиадалық қауымдастық пен қоғамымызды жандандыра түсесіздер», - деді ХОК президенті Томас Бах команда мүшелеріне арналған сөзінде.

Брейк-данс жарысында босқындар командасының намысын ауған елінің тумасы Манижа Талаш қорғайды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 2021 жылы Ауғанстанда әйелдерге қатысты қатаң шектеулер енгізілгенге дейін Талаш Олимпиада ойындарына қатысуды армандаған екен. Ол енді босқын ретінде жаңа олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;