русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) былғары қолғап шеберлерінің барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.

Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек рейтингте бір орын жоғалтып, төртінші орыннан бесінші орынға түсті.

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Евгений Павлов бес сатыға төмендеп, үздік ондықтан шығып қалды. Қазіргі уақытта боксшы 14-орында тұр. Жаңартылған рейтингте тағы екі қазақстандық боксшы позициясын жоғалтты.

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсетін Жанқош Тұраров бір саты төмендеп, 7-орынға табан тіреді. Ал бұрынғы рейтингте 11-орында болған Батыр Жүкембаев қазір 12-орынға жайғасты.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;