русский язык
Басқа

Ұлттық құрама Әлем кубогының алғашқы күні финалға жолдама алды

Ұлттық құрама Әлем кубогының алғашқы күні финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде нысына көздеуден Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова жұбы сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Енді, ертең олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз және Исмаил Келеспен алтын жүлдені сарапқа салады.

Осы бағдарламада сынға түскен Қазақстан-1 командасының (Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова) медаль үшін таласуына сәл жетпей қалды (6-орын). Валерий мен Ирина дуэті Қытай-2 және Украина-1 командасы сияқты 577 балл алғанымен, нысананың ортасын дәл көздеу жағынан қарсыласқа есе жіберген.

Айта кетейік, бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады. Бакуде ел намысын барлығы 21 спортшы қорғап жатыр.

Жалпы 84 мемлекеттен 699 спортшы өзара мықтыны анықтауда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;