русский язык
Теннис

Анна Данилина Испаниядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Анна Данилина Испаниядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Лерида (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен эстониялық Ингрид Нил ширек финалда жапониялық Нао Хибино — тайбэйлік Ву Фанг-Хсиенмен сынға түсті.

Қазақстандық-эстониялық дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Олар бір сағат 8 минутқа созылған бәсеке барысында 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Хибино — Фанг-Хсиен 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;