русский язык
Единоборства

Қазақ күресінде допинг дауы шықты

Қазақ күресінде допинг дауы шықты
news-banner7
mobile-news-top

Сенімді дереккөздің хабарлауынша, еркін күрес шебері Талғат Сырбаздың сынамасынан допинг табылған, деп жазады Prosports.kz cайты Sportbugin.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетелік, кеше еркін күрестен 74 келі салмақта Түркиядағы іріктеу сынына Нұрқожа Қайпанов қатысатыны анықталды. Ал бұған дейін Стамбулда белдеседі деп күтілген Талғат Сырбаздың жарыстан сырт қалды.

Бапкерлер құрамы оның белін жарақаттап алғанын айтқан болатын. Алайда, бізге сенімді дереккөз Талғат Сырбаздың сынамасынан тыйым салынған зат табылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы құрама бапкерлері мен допингке қарсы агенттік өкілдері әзірге пікір білдірген жоқ.

Нақтыланбаған болжам бойынша, Талғат Сырбаздың Қазақстан чемпионатында тапсырған сынамасы күдікті болуы мүмкін.

Талғат Сырбаз Бішкектегі Азия чемпионатында қола медаль үшін күресіп, ұтылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;