русский язык
Басқа

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин спортшыларды қабылдады

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин спортшыларды қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин Қазақстан тарихында шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін жеңіп алған Алина Ажғалиева мен бапкерлерін қабылдады.

Еске салсақ, Алина Польшаның Гданьск қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келген болатын.

Алина АжғалиеваФото: БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Басқарма басшысы Алинаны тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы қатысатын дүбірлі додаларда да топ жаруына тілегін білдірді.

Кездесу соңында Алинаға сыйлық табыс етілді.

Ажғалиева Алина – қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімінде 4 жылғы спорттық жетілдіру тобының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2 курс студенті.

Алина АжғалиеваФото: БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жетістіктері:

Шорт-тректен жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы;

2019 ж. «Дети Азии» халықаралық ойындарында 2 орын;

2023 ж. дүниежүзілік универсиадада 2 орын;

2023 ж. Әлем Кубогының кезеңінде 3 орын;

2023 ж. Қазақстан Республикасының IV Қысқы жастар ойындарында 1 орын.

2024 ж. ақпанда Әлем Кубогының кезеңінде 2 орын;

2024 ж. юниорлар арасында Әлем чемпионатында 2 орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;