русский язык
Әлем футболы

Әліптің клубы бас бапкерімен келісімшартын ұзартады

Әліптің клубы бас бапкерімен келісімшартын ұзартады
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» ФК директорлар кеңесінің төрайымы Елена Илюхина клубтың бас бапкері Сергей Семакпен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзарту туралы принципті келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Сергей Семактың келісімшарты бойынша қандай жоспарларыңыз бар? Бір жылдан кейін бітеді...

— Сергей Богдановичпен келісімшартты тағы бес жылға, яғни 2030 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы принципті келісім жасалды. Келісімшартқа жаңа маусым басталғанға дейін қол қоямыз», - деді Илюхина «Зениттің» баспасөз қызметіне.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;