русский язык
ММА

Қазақстандық файтер мамырда өтетін Naiza FC турниріне қатыспайды

Қазақстандық файтер мамырда өтетін Naiza FC турниріне қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық AMC Fight Nights чемпионы Сәбит Жүсіпов Legalbet.kz-ке мамыр айында өтетін Naiza FC турнирінде өнер көрсетпейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мамырдағы белбеу қорғау жекпе-жегім жайлы нақты ештеңе айта алмаймын. Жарақат алып қалғандықтан, кездесуге шықпайтын шығармын. Жарақат ауыр емес, бірақ жекпе-жекке толық дайын емеспін. Келесі кездесуді кейінге қалдырамыз деп ойлаймын», - деді Жүсіпов.

Жүсіпов (16-3) 18 мамырда Алматыда өтетін AMC Fight Nights және Naiza FC бірлескен турнирінде азербайжандық Магеррам Гасанзадемен (9-1) титулдық жекпе-жек өткізуі керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;