русский язык
Басқа

Грек-рим күресінен Стамбулдағы соңғы лицензиялық жарысқа кімдер қатысады

Грек-рим күресінен Стамбулдағы соңғы лицензиялық жарысқа кімдер қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады.

UWW тізіміне сәйкес, грек-рим күресінен Қазақстан атынан екі балуан күреседі.

Олар - Дін-Мұхаммед Қошқар (67 келі), Юсуф Мациев (97 келі).

Дін-Мұхаммед Қошқар Қазақстан чемпинонатының финалында Мейіржан Шермаханбеттен ұтылған болатын. Бірақ екінші нөмірлі спортшы ретінде Бішкектегі Азия чемпионатына қатысқан жоқ.

Ал Юсуф Мациев 97 келі салмақта құрлық біріншілігінің финалына шығып, күміс жүлдегер атанған.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;