русский язык
ММА

Қазақстан тумасы UFC-дегі келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты

Қазақстан тумасы UFC-дегі келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) UFC файтері, Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионат-қа сілтеме жасап.

Айта кетейік, Физиев былтыр қыркүйекте өткен Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Fight Night 228 турнирінде поляк Матеуш Гамротпен жекпе-жектің екінші раундында тізесін жаралап алып, кездесуді жалғастыра алмаған.

«Осы жылдың аяғына дейін оралғым келеді. Қарсыласқа келетін болсақ, рейтингтегі есім немесе орын туралы ойламаймын. Егер олар маған дебютант берсе, бұл маңызды емес. Өзіме сенемін және 15-тікке кіретін кез келген жігітпен кездесуге дайынмын. Кез келген жекпе-жекке дайынмын», - деп жазды Физиев әлеуметтік желіде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;