русский язык
Бокс

Азия чемпионаты: Қазақстанның үш боксшысы нокаутпен жеңіске жетті

Азия чемпионаты: Қазақстанның үш боксшысы нокаутпен жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақ боксшылары сәтті өнер көрсетті.

Турнир басында Қазақстаннның бес боксшысы жекпе-жек өткізіп, бесеуі де жеңіске жетті. Үш боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.

Алексей Хаванцев (60 келі) бірінші раундта бутандық боксшы Дечен Доржиден басым түссе, Ахмет Үсен (63,5 келі) түркіменстандық Мерген Ходжамаммедовпен кездесуін рефери үшінші раундта тоқтатты. Ал Санжар-Али Бегалиев (75 келі) вьетнамдық Фам Данг Луды жеңді. Кездесу екі раундқа созылды.

Сонымен қатар жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының сапында Нұрасыл Төлебек (54 келі) оңтүстіккореялық боксшы Чжин Чжу Анды айқын жеңді. Ал Жансері Көшербаев (57 келі) тайваньдық Чу По Чунямен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;