Бокс

«IBA чемпиондар түні» турнирінің тікелей трансляциясы

«IBA чемпиондар түні» турнирінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

27 сәуірде Алматыда қазақстандық және шетелдік танымал боксшылар қатысатын «IBA чемпиондар түні» сериясының кезекті турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты оқиғасында бірінші орта салмақ дәрежесінде IBA Азия чемпионы атағы үшін жекпе-жек болмақ, онда қазақстандық Талғат Шайкен (9-0, 5 КО) мен өзбекстандық боксшы Сайджамшид Джафаров (профессионал дебюті) күш сынасады.

Сондай-ақ келесі жекпе-жектер болады:

Бекзад Нұрдаулетов (Қазақстан) - Луис Антонио Техеда (Доминикан республикасы)

Әли Ахмедов (Қазақстан) - Карлос Риверо (Венесуэла)

Абель Мина (Эквадор) - Магомед Мадиев (Ресей)

Фарух Тохтасунов (Қазақстан) - Юрий Осипов (Ресей)

Бекман Сойлыбаев (Қазақстан) - Давит Азизян (Армения)

Адлан Селмурзаев (Қазақстан) - Артуш Оганнисян (Армения)

Тікелей трансляция Астана уақытымен 19:00 де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер