Лига кубогының жеребесі тартылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Қазақстандағы алғашқы Лига кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар трофейге ғана емес, қазақстандық футбол тарихындағы ең үлкен жүлдеқорына - 1 миллион долларға таласады.
Лига кубогының жеребесі:
А тобы: «Қайрат», «Қызылжар», «Ақжайық», «Тараз»
B тобы: «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайсар», «Жеңіс»
С тобы: «Ордабасы», «Атырау», «Тұран», «Елімай»
D тобы: «Астана», «Шахтер», «Жетісу», «Каспий».
Бірінші тур
25-26 мамыр
«Қайрат» – «Ақжайық»
«Тараз» – «Қызылжар»
«Елімай» – «Тұран»
«Атырау» – «Ордабасы»
«Ақтөбе» – «Қайсар»
«Жеңіс» – «Тобыл»
«Каспий» – «Шахтер»
«Жетісу» – «Астана»
Топтық кезеңге әр команда қарсыластарымен бір матчтан өткізіп шығады, бірінші орын алған 4 команда жартылай финалға жолдама алады. Жартылай финал екі матчтан тұрады.
Екінші және үшінші тур ойындары 6-7 шілде мен 20-21 шілде арасында өтеді. Жартылай финал матчтары 10-11 тамыз бен 30 қазанға жоспарланған, ал финал 24 қарашада өтеді.