Қазақстан Ташкенттегі Grand Slam турнирінде алғашқы медалін еншіледі
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ташкенттегі «Үлкен дулыға» турнирінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келіге дейінгі финалда Әбужақынова ресейлік Сабина Гилязовадан жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбужақынова Португалия мен Әзербайжан Гран-приінде қола жүлдегер атанған болатын.
Айта кету керек, жарысқа 68 елден барлығы 500-ден астам татами шебері қатысты.
Ташкентте Қазақстан намысын 26 спортшы қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или