«16 жылда алғаш рет». Қазақстандық шабандоздар Олимпиадаға тағы үш лицензия алды
Бүгін шосседегі велоспорттың іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қорытындысы бойынша Қазақстан UCI ұлттық рейтингінде 19-орында тұр, бұл бізге ерлер арасындағы олимпиадалық топтық жарысқа екі тікелей жолдама, сонымен қатар жеке уақыт бойынша бір жолдама сыйлады. Дегенмен, бізде бір лицензия болды. Оны 2023 жылғы Азия чемпионатында топ жарған Глеб Брусенский жеңіп алған. Осылайша, бұл орын UCI рейтингі бойынша іріктеуден өте алмаған басқа елге беріледі.
Айта кетейік, елге маңызды ұпайды Алексей Луценко, Евгений Федоров, Глеб Брусенский, Даниил Марухин, Антон Кузьмин, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич және Андрей Зейц әкелді. Токио Олимпиадасында бізде шоссегі велоспортта төрт лицензия болған, бірақ Парижде өтетін алдағы ойындарда рейтингтік квоталар қысқартылған еді.
Еліміз 2008 жылдан бері алғаш рет әйелдер арасындағы топтық жарыста Олимпиадаға қатысады. Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова, Марина Кузьмина және Ангела Соловьева бірігіп, бір лицензияға қол жеткізді. Өкінішке қарай, рейтинг бойынша жекелей жарысқа өтуге мүмкін болмай тұр.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада топтық және жекелей жарыста Зүлфия Забирова өнер көрсеткен болатын.
Айта кетейік, тректегі велоспорт пен маунтинбайктан іріктеу кезеңі келесі жылдың жазында аяқталады.
Фото: SprintCycling