«Тобылда» маған сенім артпайтынын айтты». Сұлтан Әбілғазы «Елімай», Медиалига және Қазақстан құрамасы жайлы

«Тобылда» маған сенім артпайтынын айтты». Сұлтан Әбілғазы «Елімай», Медиалига және Қазақстан құрамасы жайлы

Қазақстандық қорғаушы Сұлтан Әбілғазы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Елімайға» ауысуы, Смақовпен бірге жұмыс істесу, Медиалига жайлы айтып берді.

– Сұлтан, «Елімай» командасынан ұсыныс қалай түсті?

– Былтыр «Елімай» Бірінші лигаға қатысуға мүмкіндік алған соң агентім хабарласып, ұсыныс бар екенін айтты.

Самат Смақовпен жұмыс істескен қалай екен?

– Бәрі тамаша. Ол Ол өте талапшыл, алаңдағы барлық ұсақ-түйектер мен қозғалыстарға мұқият қарайды. Жаттығу өте қызық өтіп, алдағы маусымға дайындалып жатырмыз.

- Бұрын сіз тек ҚПЛ клубтарында өнер көрсеттіңіз. Мансабыңызды Бірінші лигада жалғастыру туралы шешіміңіз немен байланысты?

- Жоқ, мен тек Премьер-лига командаларында ойнаған жоқпын: 2014 жылы «Оқжетпеспен» бірге Бірінші лиганың чемпионы атандым.

- «Елімайды» трамплин ретінде қарастырасыз ба?

- Иә, солай деп айтуға болады.

- Клубқа қандай міндеттер қойылды?

- Бір ғана міндет – Премьер-лигаға шығу.

- Неге қостанайлық клубтан кеттіңіз?

- Жаңа жылға дейін клубтан хабарласып, енді маған сенім артпайтынын айтты.

- «Тобылдан» кейін «Тұранға» ауыстыңыз. Ол жаққа кім шақырды?

- Жаңа жылдан кейін агент маған қоңырау шалып, «Тұраннан» ұсыныс бар екенін айтты. Кейін Газзаев команданы басқаратынын, Азат Нұрғалиев сол жаққа ауысатынын естідім. Нәтижесінде олармен хабарласып, шамамен бір аптадан кейін Түркістанда болдым.

- Өткен маусымды өзіңіз үшін қалай бағалайсыз?

- Өткен маусым өте қиын болды. Бәрі жақсы басталған сияқты еді. Команда құрамы, жаттықтырушылар штабы және командадағы атмосфера керемет болды. Содан кейін, чемпионаттың бірінші турында «Таразбен» матчта қызыл қағаз алдым. Екі ойынды жіберіп алдым. Артынша құрамалар матчына байланысты демалыс болды. Осылайша бір ай алаңға шықпадым. Содан бабыма келу қиын болды. Жарақат та мазалаған соң «Тұраннан» кетуді шештім.

- Маусым барысында түркістандық клуб қаржы қиындығына тап болып, қарызға батты. Не дұрыс болмады деп ойлайсыз?

- Клубтың чемпионат басталмай тұрып қарызы болған.

- «Тұран» сізге қарыз ба?

- Жауапсыз қалдырайын.

- «Тұраннан» кеткен соң басқа командалардан ұсыныс болды ма?

- Ұсыныстар болды, бірақ сол сәтте отбасылық жағдайға байланысты үйге оралуыма тура келді.

- Аз уақыт SD Family сапында Ресейдегі Медиалигада ойнадыңыз. Неліктен бұл командаға ауысуды шештіңіз?

- Дида Сыдықбек қоңырау шалып, ойнауды ұсынды. «Рубинге» қарсы жалғыз матчта алаңға шықтым.

- Медиа чемпионатта ойнап көргеннен соң ҚПЛ-мен салыстыра аласыз ба?

- Медиалига ҚПЛ-дан әлдеқайда басқаша, өйткені ол жақтың өз атмосферасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или