Мурата Головкинге қарсы жекпе-жек туралы ойын айтты
Орта салмақтағы WBA Super титулының иегері жапониялық Риота Мурата осы салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Ұлы чемпион Геннадий Головкинмен жұдырықтасу мен үшін үлкен мәртебе. Орта салмақтағы титулдардың басын қосатын тарихи жекпе-жектің Жапонияда өтетініне өте қуаныштымын. 9 сәуірде жеңіс менікі болады, ал Жапониядан орта салмақтағы бірегей әлем чемпионы шығады», - деді Мурата.
Головкин – Мурата жекпе-жегі Сайтамада (Жапония) өтеді. Кездесу бастапқыда былтыр желтоқсанның соңында өтеді деп жоспарланған. Бірақ коронавирустың омикрон штаммы өршіп кеткендіктен, Жапонияға шетелдік азаматтар кіре алмай, кездесу кейінге қалдырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или