Головкин Муратаға қарсы жекпе-жек өтетін күнді жариялады
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super титулының иегері жапониялық Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өтетін күнді ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«9 сәуірде Жапонияда кездескенше», - деп жазды Головкин инстаграм парақшасында. Сонымен қатар отандасымыз Сайтамада (Жапония) өтетін жекпе-жектің постерін жариялады.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек бастапқыда былтыр желтоқсанның соңында өтеді деп жоспарланған. Бірақ коронавирустың омикрон штаммы өршіп кеткендіктен, Жапонияға шетелдік азаматтар кіре алмай, кездесу кейінге қалдырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или