«Қайрат» қайда барады?
Алматылық «Қайрат» кеше клубтың бас бапкері қызметіне Құрбан Бердыевтің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Алайда бұл таңдауда қандай күмән бар? Оны Prosports.kz тілшісі Мағжан Мырзағали анықтауға тырысты.
Негізінен Бердыевтің екі жылдан артық практикасыз болғаны және көп жылдық көмекшілерісіз жаңа жобаға кіріскені қиындық тудырмауы керек. Бапкердің шеберлігі команданың жағдайын жақсартуға жеткілікті болуы тиіс, сондықтан «Қайрат» ҚПЛ-да чемпиондыққа басты үміткер болып саналатын болады.
Бірақ бұл шешім қаншалықты дұрыс?
«Қайраттың» даму стратегиясы бұған дейін кем дегенде түсінуге тұрарлық болды, себебі ол қазіргі заманға сай келді. Яғни, егер сіз көрермендердің стадионға келгенің, демеушілердің клубты қолдағанын және ойыншылардың мықтырақ чемпионаттарға ауысқанын қаласаңыз, академияңыз бен инфрақұрылымды дамытыңыз және шабуылдауға бейімделген серпінді футбол ойнауға тырысыңыз. Бұл талаптарға сай болуға «Қайрат» бұған дейін жақын еді.
Алайда, Құрбан Бердыев, «Қайраттың» барлық командаларына сіңіруге тырысқан ойын стиліне мүлдем қарама-қайшы. Енді бұл екі концепция қалай бірігетіні үлкен сұрақ.
«Қайрат» біздің «Зальцбургке» айналуы мүмкін еді
Жақсы менеджменті бар бір ғана клубтың пайда болуы бүкіл чемпионаттың дамуына серпін бере алатыны анық. Оған айқын мысал - «РБ Зальцбург». РБ арқасында Австрия лигасы Еуропада ең жылдам дамып келе жатқан чемпионаттардың біріне айналды. «Зальцбургтің» прессинг пен шабуылға бейімделген стилі «Бундеслиганың» барлық командаларына таралды. Ал РБ бұдан тек пайда көріп одан да күшті дами кетті. Есесіне, қазір «Зальцбург» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үнемі ойнайтын, ойыншылары мен жаттықтырушыларын үздік чемпионаттарға жіберетін клуб болып қалыптасты.
«Қайратта» РБ сияқты біздің чемпионатқа ықпалы тие алатың командаға айналуы мүмкін еді, бірақ енді алматылықтар әрі қарай қай бағытта жүретіні түсініксіз. Әрине, жаңа жаттықтырушымен команда ел ішіндегі олжаларды алуы әбден ықтимал (мүмкін, еуропалық жарыстарда да абыроймен бәсекелесе алады), бірақ бұл таңдау «Қайратты» да, біздің «автобустар лигасын» да жүйелі түрде алға жылжыта қоймайды.
Ресми. Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанды
Бердыев «Қайратта» қанша жыл жұмыс істейді?