Ресми. Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанды
Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты алматылық клубтың инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.
52 жастағы бас бапкермен келісім маусым соңына дейін жасалды. Қос тарап ынтамақтастық мерзімін тағы екі жылға ұзарта алады.
Оның көмекшісі ретінде «Ростовта» бірге жұмыс істеген Дмитрий Кириченко тағайындалатыны белгілі болды.
Бердиев осы уақытқа дейін клуб иесі Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі қызметін атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, жаттықтырушы бұған дейін «Қайратты» 1991-1993 және 1994-1995 жылдары баптаған еді.
Айта кетейік, алматылық клубтың бұрынғы бапкері Кирилл Кекер командасы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкерттен» ұтылған соң орынын босатқан еді.
«Қайрат» қазіргі таңда ҚПЛ турнир кестесінде үшінші орынға жайғасқан. Команда Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға жақын.