Головкин қашан шаршы алаңға оралады
GGG Promotions атқарушы директоры Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты.
«GGG-де бірнеше жекпе-жекке ұсынысы бар. Қарсыласқа келер болсақ, ең мықтысы Мунгия болмақ. Жалпы, Головкин маусым айында шаршы алаңға оралуды жоспарлап отыр», – деді Леффлер.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 18 желтоқсанда Камил Шереметаға қарсы өткізіп, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или