Головкин - Шеремета жекпе-жегі қайда өтеді
Орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы жекпе-жек Голливудта (Флорида, АҚШ) өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының жетекшісі, Головкиннің промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.
«GGG 18 желтоқсанда IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді, ол орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 21-рет қорғағалы отыр», - деп жазды Хирн.
Головкин - Шеремета жекпе-жегі биыл көктемде өтуі керек еді. Алайда коронавирусқа байланысты кездесу жыл соңына дейін созылды.
Айта кетейік, жекпе-жек 18 желтоқсанда өтеді. Головкин бұл кездесуде өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.
<h4>Головкиннің келесі жекпе-жегі ресми жарияланды</h4>. @gggboxing makes history on Dec 18 with a record breaking 21st defence of his World Middleweight title v IBF mandatory @szeremeta_kamil on @daznboxing from @HardRockHolly #BigDramaShow pic.twitter.com/JnMeT1xZ91
— Eddie Hearn (@EddieHearn) November 24, 2020