Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін

Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін

Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-4) UFC-дегі екінші жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Жерлесіміз 28 қарашада өтетін UFC Fight Night 184 турнирінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда жұмыс визасына байланысты кездесу кейінге қалуы ғажап емес.

Бұл туралы 18 қарашада Arlan MMA Pro командасының жаңа президенті Дархан Бәкенов, сондай-ақ экс-президент Төлеген Құмаров мәлімдеді. Бәкеновтың айтуынша, қазіргі уақытта команда Жұмағұловтың АҚШ-қа жұмыс визасын алуын күтіп отыр. Бірақ команда басшылығы Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің кейінге шегерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жұмағұлов 28 қарашада Лас-Вегаста (Невада) өтетін жекпе-жек кешінде шециялық <span>Амир Альбазимен кездеседі деп жоспарланған</span>. Жекпе-жектің кейінге қалатыны жайлы дәл қазір нақты айтуға әлі ерте. Бірақ турнирге 10 күн ғана қалды. Жұмағұлов осы демалыс күндері АҚШ-қа ұшуы керек. Команданың айтуынша, Жұмағұловтың жұмыс визасы туралы жаңалық жақын күндері жарияланады.

Arlan MMA Pro командасының тағы бір файтері Сергей Морозов америкалық промоушен туы астындағы алғашқы жекпе-жегін күтіп жүр. Морозов UFC-дегі дебюті биыл қазан айында өтуі керек еді, бірақ оның қарсыласы Умар Нурмагомедов ауырып қалғандықтан, UFC 254 турниріне қатыса алмады. Морозов 2021 жылдың басында жекпе-жекке шығады деп жоспарланып отыр.

<h4>Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды </h4> <h4>Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін қай күні өткізетіні белгілі болды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или