«Оқжетпес» жалақыны уақытында төлей алмай жатыр
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, көкшетаулық «Оқжетпес» қызметкерлері мен ойыншыларына еңбекақыны уақытында төлей алмай жатқан жайы бар.
10 шілдеде төленуі тиіс ағымдағы жылдың маусым айының жалақысы тек бүгін ғана берілген.
«Оқжетпес» ойыншылары мен қызметкерлері шілде айының жалақысын қашан алатыны белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Оқжетпес» 21-ші турдан кейінгі нәтиже бойынша 27 ұпаймен қазақстандық Премьер-Лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.
Еңбекақысын уақытында ала алмаған белоруссиялық қорғаушы Владислав Космынин клубтан кеткен болатын. Кейін футболшы бейнеүндеуінде көкшетаулық клубтан 10 тамызға дейін есептесетінін айтты және кепілдік хат та алғанын мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или