Босқа шашылған қаражат
Prosports.kz cайты бір жыл ішінде Премьер-лигаға қайта оралған көкшетаулық «Окжетпестің» қаржылық жағдайына көз жүгіртіп көрмек.
2017 жылы команда ҚПЛ-да соңғы орынға жайғасып, ешкім күтпеген сәтсіз нәтиже көрсеткен еді. Содан кейін, Көкшетау футбол федерациясының төрағасы Арман Тұрлыбеков 2 миллиард теңгені орнымен жұмсай алмаған клуб менеджментін сынға алған болатын. Шынымен де, клубтың маусым алдындағы бюджеті 2,1 миллиард теңге болды. Бұндай қаржымен Премьер-лигада ортаңқол клубтармен толықтай бәсекелесуге болатын еді.
Сәтсіз маусымның соңында сол кездегі Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бас бапкер Виктор Пасулько мен клуб директоры Юрий Бондаренкоға отставкаға кетуді ұсынды. Сондай-ақ Қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу тапсырылды. Бір аптадан кейін бас бапкерді жұмыстан босатты. Спорт басқармасында «Команда турнирлік кестенің ортасында болды және олардың алдында (клуб жетекшілері) турнирдегі орнын сақтап қалу міндеті тұрды, бірақ ол орындамады. Сол маусымдағы команданың сәтсіздігінің басты себебі - селекциялық жұмыс пен футболшылардың жиі жарақат алуы» деп жазылған.
Клуб ұтымсыз шығындар үшін көп сынға түсті. Бірақ «Окжетпес» жоғары лигаға оралғанда, әкімшілікте футболшылардың мотивациясы үнемдеу мен кәсіпқойлықтан маңызды деп шешті. Сондықтан көкшетаулық клуб Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Кез келген басқа клуб үшін бұл ОЖЖ өткізудің әдеттегі нұсқасы. Ал орынсыз шығындар үшін сынға ұшыраған клубқа бұл – өте жақсы жасалған жағдай. Сол жиындарда команда "Зенит" жастарымен, шығысеуропалық клубтармен ойнады. Жаңа бапкер болып Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Андрей Карпович тағайындалды. Алайда, Көкшетаудың футбол жанкүйерлері клубтың әлеуетіне әлі де болса сенімсіздік танытты. Себебі, клуб ұзақ уақыт бойы кішігірім болса да жетістікке жете алмаған еді.
Кейбір мәліметтер бойынша, жаңа маусымда клубтың бюджеті ұлғайтылды – 2,5-тен 3 миллиард теңгеге дейінгі аралықта. Клубтың алдына турнирлік кестеде төмен түспей, келесі маусымда ҚПЛ-да өнер көрсету мақсат етіп қойылды. Клуб инфрақұрылымы төрт бөлікке бөлінді: негізгі құрам, екінші команда, балалар футбол орталығы және стадион.
Бүгінгі таңда клуб төңірегіндегі дау-жанжалдар азайды. Бұрынғыдай Сычевтің жоғары жалақысын ешкім талқыламайды. Алайда айқындық жасау үшін 2017 жылғы үлгідегі сәтсіз клубтың кейсін талдайық. Бұған қаржылық есептің депозитарийі көмектеседі. Бюджеттегі 2,1 миллиард теңгенің 1,3 млрд теңгесі жалақы төлеуге жұмсалды. Бұл жаплы бюджеттің 60 пайызынан артық. Бұның ішіне ойыншыларды сатып алуға кеткен 9,3 миллион теңге де кіреді. Клуб екінші команданы ұстауға сол маусымда кемінде 30 миллион теңге, әйелдер командасына – 13 миллион, футзал құрамына 6,3 миллион теңге жұмсады. Жалпы, оқу-жаттығу жиынына 90 миллион, билет пен визаға – 80 млн теңге кетті. Яғни, маусымда жақсы нәтиже көрсетуіне клубқа барлық жағдай жасалды. Алайда маусым соңында Бірінші лигаға ұшып кетті.
Бұл жағдай жанкүйерлер, әкімшілік және клуб арасындағы қарым-қатынастың нашарлауының негізгі себепшісі болды. Ол кезде жергілікті БАҚ «Оқжетпестің» Көкшетау футболының деңгейін төмендеткенін жарыса жазды. Клубты айыптады. Біріншіден, орынсыз шашылған қаржы үшін, екіншіден, жергілікті футболға, балалар футбол мектептеріне қолдау көрсетпегені үшін. Айыптаулар неге негізделді?
Сол жылдары Көкшетау футбол федерациясының сайтында төрағаның өңір басшылығы мен Ақмола облысының спорт қоғамдастығына үндеуі пайда болды. Біздің ойымызша, осы үндеу сәтсіз маусым аяқталған соң клубта қаржылық тексеру жүргізудің басты себептерінің бірі болды. Ең жарқын дәйексөз келтірейік:
"15 жыл ішінде "Оқжетпес" 20 миллиардтан астам теңгені құртты. Спорттық басшылықтың және жекелеген шенеуніктердің мүдделілігінің жоқтығынан спорттық бюджеттің осы "сызбасы" жақсы жұмыс істеді".
"Көкшетаулықтар бюджет қаражатын жеке адамдар тобына жұмсап, жергілікті футболды, балаларды, спорт ғимараттарын және жаттықтырушыларды дамытуға қаржы салмады. Ақшаның артынан қуамын деп олар қаланы футболдан айырды".
"Келген жаттықтырушылар мен ойыншылардың айлық жалақысы әрқайсысына шаққанда 10 (он) миллион теңгеден асады".
"Бұл афераның схемасы жергілікті футболшыларды жойып, шетелдіктерді тартуды көздейді. Футбол клубтарында ақша табу дәстүрлі түрде жоғары жалақы арқылы жүзеге асырылды. Ойыншылар үлкен сомаларға қол қойды, ал қолдарына аз ақша алды. Бірақ, біздің қала кішкентай, оны жасыру қиын".
Біз көріп отырғанымыздай, клубқа қысым күшейгенінің нәтижесінде бас бапкер болып шетелдік маман емес, қазақстандық жаттықтырушы тағайындалды. Сонымен қатар, «Оқжетпес» депозитарийдегі қаржылық есеп базасын белсенді толықтыра бастады. Мысалы, Ақмола облысының спорт басқармасы есеп беруді тіпті «Оқжетпес» жанындағы балалар-жасөспірімдер футбол мектебіне жариялай бастады. Мектептің жыл сайынғы бюджеті 180 миллион теңгеден кем емес.
Яғни, біз БАҚ және футбол қоғамының баспасөзінде болған қысымнан кейін клубтың транспарентті Қаржы-шаруашылық жүйесін ретке келтіруге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен, команда спорттық жетістіктер көрсетпесе, мұның бәрі маңызды емес. Команда дәл қазір Премьер-лиганың турнир кестесінде 8-орында тұр. Алғашқы алтылықты алысқа ұзатып алды. Жалғыз дұрыс шешім – клубты жекешелендіруге дайындау, демеушілерді іздеу және оны сату. Клубқа бюджеттен ақша тартуды доғарса, жергілікті спорт басқармасы басқа да тартымды және өзекті жобаларға көңіл бөлер еді.