«Ер кезегі үшке дейін». Ресейді жеңетін сәт келді

«Ер кезегі үшке дейін». Ресейді жеңетін сәт келді

Тәуелсіздік алғалы бері футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы солтүстіктегі көршімізбен тек 2 мәрте кездескен екен. 

Алғашқы ойын сонау 2008 жылы өткен болатын. Ол кезде ұлттық құраманың тізгінін Арно Пайперс ұстаған. Ал ресейліктерді танымал бапкер Гус Хиддинк жаттықтырған. Көршіміз үшін тарихи ЕУРО-2008 турнирі алдында дайындық ретінде өткен жолдастық кездесуде тас-талқанымыз шықты. ЕУРО-ның болашақ жүлдегерлері Давид Лория қорғаған қақпаға жауапсыз алты гол соқты. Ойынның бірінші бөлігі 2:0 есебімен аяқталса, екінші таймда Зырянов, Билялетдинов, Торбинский, Сычевтар бір-бір голдан соққан. Айта кетейік, сол Дмитрий Сычев кейін Қазақстанға ат басын бұрып, «Оқжетпесте» доп тепкен.

Ал біздің құрамда Давид Лория, Қайрат Нұрдәулетов, Александр Кучма, Самат Смақов, Фархадбек Ирисметов, Сергей Скорых, Андрей Карпович, Қайрат Әшірбеков, Әли Әлив, Сүймағамбетов, Нұрбол Жұмасқалиевтер ойнады. Сондай-ақ, Арно Пайперс сол кездегі жас футболшылар Юрий Логвиненко мен Сабырхан Ибраевты ұлттық құраманың жейдесінде алғаш рет алаңға шығарды.

Ресей – Қазақстан - 6:0 (2:0). Жолдастық матч

Голдар: Погребняк, 26, с пенальти (1:0), Быстров, 45+1 (2:0), Зырянов, 59 (3:0), Билялетдинов, 85, с пенальти (4:0), Торбинский, 89 (5:0), Сычев, 90+2 (6:0)

Ресей: Акинфеев, Анюков (Саенко, 46), Широков (Игнашевич, 62), Колодин (В.Березуцкий, 57), Жирков, Быстров (Сычев, 46), Семак (к), Семшов (Торбинский, 46), Зырянов, Билялетдинов, Погребняк (Павлюченко, 46).

Бас бапкер: Гус Хиддинк

Қазақстан: Лория, Нұрдәулетов, Кучма, Смақов, Ирисметов, Скорых, Карпович (Хохлов, 58), Әшірбеков (Көкеев, 78), Әлиев (Логвиненко, 44, Ибраев, 80), Сүймағамбетов (Остапенко, 46), Жұмасқалиев (к).

Бас бапкер: Арно Пайперс

Ескерту: Колодин, 12 

Бас төреші: Олег Орехов (Украина)

23.05.2008. Мәскеу, "Локомотив". 9 500. 

Арада жеті жыл өткенде екі құрама қайта кездесті. Бұл жолы да жолдастық матч болатын. Химкидегі «Арена Химки» стадионында Юрий Красножан бастаған Қазақстан құрамасы Фабио Капеллоның жігіттеріне қарсы тұрды. Дегенмен, Химкидегі ойында қос құрама өзара мықтыны анықтай алмай, тең тарқасты. Жеті жыл бұрынғы ойында алаңға шыққан футболшылардан тек Самат Смақов пен Юрий Логвиненко ғана қалған екен. 

Ал Ресейге қарсы екінші жолдастық кездесуде үш бірдей футболшымыз ұлттық құраманың жейдесіндегі алғашқы матчтарын өткізді. Атап айтқанда, қақпашы Стас Покатилов алғашқы минуттан алаңға қосылып, қақпасын құрғақ сақтады. Георгий Жуков та ысқырық шалынысымен алаңда өнер көрсетіп, тек 86 минутта орнын Абзал Бейсебековке босатқан. Ал шабуылшы Тоқтар Жанғылышбай 43 минутта Бауыржан Жолшиевтің орнына шықты.

Ресей — Қазақстан - 0:0. Жолдастық матч

Ресей: Лодыгин, Козлов, Новосельцев, Щенников (Набиуллин, 71), Рязанцев (Оздоев, 50), Канунников (Ефремов, 81), Камболов, В.Березуцкий (к) (Зобнин, 22), Самедов, Торбинский (Давыдов, 63), Дзюба (Портнягин, 50).

Бас бапкер: Фабио Капелло (Италия)

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Жуков (Бейсебеков, 86), Қонысбаев (Қожамберді, 78), Смақов (к), Исламхан, Шомко, Жолшиев (Жанғылышбай, 43, Щёткин, 82), Энгель, Логвиненко.

Бас бапкер: Юрий Красножан

Ескерту: Жолшиев, 17 

Бас төреші: Алексей Кульбаков (Беларусь)

31.03.2015. Химки, "Арена Химки". 6 000.

Бүгін елордамызда Қазақстан мен Ресей құрамалары өзара үшінші мәрте, ал ресми алғаш рет кездеспек. Бірінші ойыннан ұлттық құраманың қатарынан ешкім жоқ. Ал төрт жыл бұрынғы матчтан алаңға Сергей Малый, Стас Покатилов, Дмитрий Шомко, Георгий Жуков және Абзал Бейсебеков шығуы мүмкін.

Prosports.kz болжамы бойынша Михал Билек мынадай құрамды шығарады:

3-5-2 - Непогодов (Қ)  Ахметов, Бейсебеков, Логвиненко, Малый, Сүйімбаев  Қуат (К), Перцух, Меркель  Зайнутдинов, Муртазаев.

Қосалқы құрам: Покатилов (Қ), Шацкий (Қ) — Постников, Әліп, Вороговский, Бейсебеков Мужиков, Жуков, Федин Өміртаев, Тұрысбек, Сейдахмет.

Ал қарсыласымыз Ресей құрамасы мына құраммен ойнауы мүмкін: 

3-4-2-1 - Гильерме — Семенов (Беляев), Джикия, Кудряшов — Фернандес, Ахметов, Газинский, Жирков (Щенников) — Миранчук, Черышев — Дзюба.

Сарапшылар Ресей құрамасының жеңісіне сенімді. Өз жерінде өткен әлем чемпионатында тамаша нәтиже көрсеткен көршілеріміз ЕУРО-2020-дан сырт қалғысы келмейді. Сол себепті, топтан кем дегенде екінші орын алып, екі жолдаманың бірін иеленуді көздеп отыр. Алғашқы кездесуде I тобының көшбасшысы Бельгияға есе жіберді. Алайда бұл Ресейдің әлсіз екенін көрсетпейді. 

Біздің құрама Шотландияны жеңіп, таңғалдырды. Бұл ойында Михал Билектің командасы мықты қарсыласқа қарсы қорғаныстан ойнай алатынын дәлелдеді. Ал Ресейдің басты проблемасы - бірінші нөмірмен өнер көрсете алмауы. Өзінен әлсіз қарсыласқа келгенде көп шабуылдай алмай абдырап қалатыны бар. Михал Билектің командасы екінші нөмірмен ойнап, қорғаныс мығым болып, мүмкіндігін сәтті пайдаланса, жеңіске жетуіміз әбден мүмкін. 

Prosports.kz болжамы - 2:1 немесе 1:1 есебі тіркеледі. Екі құрама да гол соғады, оның үстіне Қазақстан құрамасы жеңілмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или