Ең әдемі керлингші ерлер журналы үшін жалаңаштанбайтынын айтты
Допингпен ұсталған ресейлік керлингші Анастасия Брызгалова ерлер журналы үшін жалаңаштанбайтынын мәдімдеді. Оның сөзін «Спорт-Экспресс» басылымы келтірді.
«Мен бірден бас тарттым. Шарттарын да сұраған жоқпын. Ондайға ешқашан келісім бермеймін», — деді спортшы.
Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында Брызгалова мен Крущельницкийдің отбасылық жұбы керлингтің микст бәсекесінде үшінші орын иеленген еді. Алайда, кейін олардың допинг-сынамасынан мельдоний табылып, төрт жылға үлкен спорттан шеттетілген болатын. Сонымен қатар, Пхенчханда Анастасияның әдемілігі жанкүйерлер арасында қызу талқыға түскен еді. Твиттер қолданушылары оны «ең әдемі керлингшіге» теңесе, кейбіреулері оны Меган Фокс және Анджелина Джолиге ұқсатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или