Ақ Олимпиада чемпиондарына ең көп сыйақы беретін қай мемлекет?

Ақ Олимпиада чемпиондарына ең көп сыйақы беретін қай мемлекет?

Британиялық Consultancy басылымы қысқы Олимпиада ойындарында әр елдің жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшерін жариялады.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Қазақстан жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларына сыйақы беруден алдына жан салмайды. ТМД елдері ішінен Беларусь және Украина елдерін атап өтсе болады. Олар сәйкесінше, төртінші және бесінші сатыда орналасқан. Соңғы кезде спортшылары (допинг дауы) батпаққа белінен батқан Ресей Федерациясы спортқа қаржыны аямайтыны көпшілікке мәлім. Солтүстік көршіміз тізімнің жетінші сатысына жайғасқан.

Айта кететін жайт, қысқы спорттың қас шеберлері, әлемнің үздік шаңғышыларының мекені - Норвегия мен Швеция мемлекеттері топ жарған спортшыларына мүлдем сыйақы бермейді екен. Оған не себеп? Сарапшылардың айтуынша, ол елдің азаматтары ақшаға аса мұқтаж емес. Мемлекет олардың жүріс-тұрысын толық қамтамасыз етеді. Мәселен, біздің елде орташа айлық мөлшері 40-50 (Үкімет сатистикасы бойынша 145 мың тг) мың теңге, яғни 120 еуро болса, норвегиялық және швециялықтардың жалақысы айына 3500-4000 еуроны құрайды. Скандинавиялық елдердің халқының әл-ауқаты соншалықты жоғары, тіпті жұмыссыздың өзі мемлекеттен айына 800 еуро көлемінде көмек алады екен.   

1. Қазақстан - Алтын 215 мың € Күміс 125 мың €  Қола 62,5 мың € 
2. Италия - алтын 150 мың € күміс 75 мың € қола 50 мың €
3. Латвия - алтын 142 мың € күміс 85 мың € қола -  
4. Беларусь - алтын 132,7 мың €  күміс 66,4 мың € қола 44,2 мың €
5. Украина - алтын 110,6 мың € күміс 75,2 мың € Қола 48,5 мың €
6. Чехия - алтын 69,4 мың € күміс 34,7 мың € қола 20,8 мың €
7. Ресей - алтын 56,4 мың € күміс 35,3 мың € қола 24 мың €
8. Франция - алтын 50 мың € күміс 30 мың € қола 20 мың €
9. Оңтүстік Корея - алтын 44,5 мың € күміс 22 мың € қола 13,3 мың €
10. Жапония - алтын 36,9 мың € күміс 14,8 мың € қола 7,4 мың €

...АҚШ -  33,2 мың € 19,9 мың € 13,3 мың €
...Қытай - 25,8 мың € 19,4 мың € 10,3 мың €
...Германия - 20 мың € 15 € мың 10 мың €

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или