Көкшетауда әлем чемпионын пышақтап өлтірді
Бір топ жас жігіттер әлем рекордшысын пышақтап өлтірді.
Көкшетауда пауэрлифтингтен жас спортшыны пышақтап өлтіріп кетті. 25 жастағы Евгений Галузинскийдің артында жұбайы мен бір жарым жасар қызы қалды.
Спортшының бапкерінің айтуынша, қайғылы жағдай 14 наурыз күні түнгі үште болды.
«Женя үйіне досымен бірге қайтып бара жатқан. Алты бейтаныс жігіт оларды тоқтатып, сөзден сөз шығып, арты төбелеске айналған. Тоқтатқан жігіттер мас болған. Женяның досы «Рома» дүкенге көмек шақыруға кеткен. Алайда, ол жүгіріп шыққанда Женя жерде қансырап жатқан. Қателеспесем, оның денесінен алты пышақ жарақаттарын санадық» , - деді жаттықтырушы.
Күдіктілер тез табылған. Дүкеннің бейнекамерасы зорлық -зомбылық сәтін түсіріп қалған. Алайда, олардың тек біреуі ғана тұтқындалды.
«Женя өте жақсы, ешкімді ренжітпейтін. Оны барлығы жақсы көретін. Женя танымал әрі болашағы зор спортшы болатын», – деді бапкері.
Ақмола облысының ІІД хабарлауынша, күдіктілердің бірі ізін суытпай тұтқындалды. Қазір оған ҚРҚК 99 «Адам өлтіру» бабының бірінші тармағы бойынша айып тағылуда.
Айта кетейік, Евгений Галузинский пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чесмпионы. 2009 жылдың қыркүйек айында жастар арасындағы IPF тұжырымы бойынша Бразилиядағы әлем чемпионатында төрт әлемдік рекорд орнатқан.