АҚШ гимнасттары сексуалды зорлықтың құрбаны болды
Заңгер Джон Мэнли АҚШ-тың гимнастика федерациясының аккредитациясын алып тастуды талап етті, деп хабарлайды Associated Press.
Бұған себеп федерацияда ондаған жылдар бойы қайталанып келген сексуалды дау-дамай.
«АҚШ гимнастика федерациясы баларды қорағау мәселесі жағынан сенімділік танытпауда. Қатысты адамдар жауапкершілікке тартылып, ұйым қайта құрылуы қажет. Федерацияның президенті Стив Пенн қызметінен кетуі тиіс»,- деді Мэнли.
Заңгер 70-ке жуық жас қыздар мен әйелдердің құқығын қорғауда. Олардың барлығы гимнастикадан АҚШ құрамсының дәрігері Лоуренс Нассардың сексуалды зорлық әрекеттерінің құрбаны болған.
Айта кетейік, 53 жастағы дәрігер 2016-шы жылдың желтоқсан айында тұтқындалды. Ол 1996- 2015 жылдар аралығында көптеген емделушілерді азғырsп, зорлағаны үшін қамауға алынды.