Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАстанада бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келі салмақта өнер көрсететін Алексей Хаванцев шешуші белдесуде үндістандық боксшы Сагар Джахармен кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Хаванцев жеңіске жетті.
Айта кетейік, жартылай финалда Хаванцев өзбекстандық Мироншох Норкосимовты сенімді түрде жеңіп, төрешілердің шешімімен басымдыққа ие болды.