русский язык
Теннис

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында тұр

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында тұр
news-banner7
mobile-news-top

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында келеді.

Қазақстандық теннисшінің 3 583 ұпайы бар.

Әлемнің 1-ракеткасы, Польша теннисшісі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұр. Әлемнің 2-ракеткасы, белорусьтік Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.

Өткен аптада Елена Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда Соболенкоға жол берген еді.

Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;